Басқару

ҚР республикалық бюджеті 7 трлн теңгеден астам шамада игерілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанның республикалық бюджеті 7 трлн теңгеден астам шамада игерілді, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 12:58

«Ағымдағы жылдың бюджетінің игерілуіне уақытылы және дәл деп сипаттама беруге болады. Жыл соңына дейін қалған 4 күнде  161 млрд теңгеге бюджеттік операция жасау қалды. Бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 3 есе кем», - деді Б. Сұлтанов.

Министрліктің мәліметі бойынша, жалпы бүгінде бюджет 7 трлн теңгеден астам шамада игерілді  

«Бүгінде бюджеттің орындалуы бойынша әр құжатпен жеке-жеке жұмыс істегендіктен аталмыш жылы көрсеткіш 100% жақын деңгейде болады деп айтуға болады. Егер өткен жылы республикалық бюджеттің 40 млрд теңгесі игерілмей қалса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш бірнеше есе төмен, 15—20 млрд теңге шамасында. Оның үстіне бұл қомақты қаржының басым бөлігі төтенше жағдайларға, шұғыл қажеттіліктерге бағытталған», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика