Парламент

Е.Досаев: Аграрлық сектор ел экономикасы өсімінің негізгі драйвері болуы керек

Аграрлық сектор еліміздің алдағы экономикасы өсімінің негізгі драйвері болуы керек, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 12:16

«Осыған байланысты 2016 жыл бойы Австралия мен Бразилия елдерінің тәжірибесі негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының «жасыл себет» шаралары арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға баса назар аударылады. Жалпы, аграрлық сектор еліміздің  алдағы экономикасы өсімінің негізгі драйвері болуы керек», - деді Е. Досаев.

Сонымен қатар оның айтуныша, бұл ретте агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологиялар енгізу мен инфрақұрылым құру шараларына басымдық беріледі.

«Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырудың арқасында келесі жылы субсидиялаудың қолданыстағы жүйесін реформалау, өсімдік шаруашылығы саласында сақтандыруды жетілдіру көзделеді», - деді Е. Досаев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика