Парламент

2016 жылы ШОБ субъектілерін несиелендіруге ХҚҰ-дан 65 млрд теңгеге жуық қаражат тартылады

2016 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге ХҚҰ-дан 65 млрд теңгеге жуық қаражат тартылады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 12:09

«2016 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге ХҚҰ-дан 65 млрд теңгеге жуық қаражат тартылады», - деді Е. Досаев.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Үкімет жақында өңірлерге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялауға қосымша қаражаттар бөлу туралы шешім қабылдаған. Бұл үшін айналым қаражаттарын толықтыруға 7,2 млрд теңге бөлініп отыр, ал 2016 жылы аталған мақсаттарға 7 млрд теңге қарастырылады.

«Осының арқасында экономиканы кредиттеуге 202 млрд тартуға мүмкіндік туады. Ал өндірілген өнім 418 млрд теңгеге артатын болады», - деді Е. Досаев.




Яндекс.Метрика