Парламент

ҚР-да 2016 жылдың мамыр айына дейін техникалық кәсіби білімі бар мамандарды даярлау орталығы құрылады – ҚР БҒМ

Қазақстанда 2016 жылдың мамыр айына дейін Германия, Канада, Австралия мен Сингапур тәжірибесі бойынша бірлескен техникалық кәсіби білімі бар мамандарды даярлау орталығын құру бойынша ұсыныстар жасақталады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 11:53

«2016 жылы Назарбаев Университетіндегі «Астана бизнес-кампус» хайтек паркінің және «Алатау» технопаркінің базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені дамыту үшін Алматыда сәйкесінше Жол картасы жасақталады», - деп мәлімдеді ол.  

Бұдан басқа, министрдің айтуынша, Қазақстанда 2016 жылдың мамыр айына дейін Германия, Канада, Австралия мен Сингапур тәжірибесі бойынша бірлескен  техникалық кәсіби білімі бар мамандарды даярлау орталығын құру бойынша ұсыныстар жасақталады.

Сонымен қатар, 2017 жылы «Баршаға тегін кәсіптік техникалық білім беру» жаңа жобасы жүзеге асырыла бастайды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика