Парламент

ҚР Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің жаңа кешенді шаралар жоспарын мақұлдады

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Үкімет 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің жаңа кешенді шаралар жоспарын мақұлдады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 11:38

«Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Үкімет жаңа 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді шаралар жоспарын мақұлдап, оның шеңберінде тізбелерді бекіткен. 2016 жылдың бірінші тоқсанында иеліктен шығаруға жатпайтын нысандардың тізбесі қысқартылып, барлық акционерлердің квазимемлекеттік сектордың иеліктен шығарылған активтерін сатып алуға басым құқықтарын алып тастауды көздейтін заң жобасы әзірленеді, Сонымен қатар, келесі 2016 жылдың 1  қаңтарынан жекешелендіру процесін көтермелеу және мониторингілеу үшін халықаралық консультанттарды тарта отырып, Үкімет жанынан Жобалық кеңсе (Delivery unit) құрылады. Сонымен қатар, Бірыңғай ақпараттық саясат шеңберінде әрбір нақты кәсіпорынның мақсатын жіті сипаттай отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры», «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтерін қоса алғанда жекешелендіру бойынша кең ауқымды PR-компания жоспары әзірленетін болады»,  дейді Е. Досаев.

Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ өзгерту жұмыстары жалғасатын болады.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры», «ҚазАгро» және «Бәйтерек» АҚ активтері бәсекелі ортаға көшкеннен кейін, оларды шағын холдингтер етіп қайта құру бойынша ұсыныстар дайындалатын болады», деді ол.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика