Парламент

Е.Досаев: ҚР-да 2017 жылдың соңына дейін мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтау көзделуде

2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы жоспар асында 2017 жылдың соңына дейін Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларындағы 3 мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды аяқтау көзделуде, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 11:21

«2017 жылдың соңына дейін Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларындағы  3 мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды аяқтау көзделуде, бұл өз кезегінде 2018 жылы отандық нарықты өз өнімімізбен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Е.Досаев Үкімет сағатында.

Бұдан басқа, 2016 жылы Қашаған кенорында коммерциялық өндіру басталады, каспийлік құбыр консорциумын кеңейту аяқталды. Сонымен қатар, 2016 жылдың сәуір айында «Теңізшевройл» ЖШС кеңейту жобасын жүзеге асыру басталса, 2017 жылдың желтоқсанында Бейнеу – Бозой – Шымкенттің құрылысы аяқталады. 




Яндекс.Метрика