Парламент

2016 жылы бюджеттік бағдарламалар тексерістен өтеді - ҰЭМ

2016 жылы Дағдарысқа қарсы жоспар аясында барлық бюджеттік бағдарламалар бюджеттік шығындарын оңтайландыру бойынша тексерістен өтеді, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет сағатында.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 11:02

«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті жасақтау барысында 2016 жылдың сәуір-тамыз айларында барлық бюджеттік бағдарламалар бюджеттік шығындарын оңтайландыру бойынша тексерістен өтеді», - деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, салық жүйесін түбегейлі өзгерту мақсатында 2016 жылдығң 1 қыркүйегіне дейін Парламентке Салық және Кеден кодексінің біріктірілген жобасы ұсынылады. Онда ҚҚС орнына салықты енгізу, салық жүйесін үш деңгейлі ету,  тиімсіз салықтық жеңілдіктерді алып тастау, салық жүйесінің ашықтығын арттыру көзделген.

Бұдан басқа, 2016 жылдың наурыз айына дейін бюджеттік кодекс толықтырылады. 




Яндекс.Метрика