Парламент

ҚР Мәжілісінде Е Досаев 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы жоспарды таныстырды

Бүгін ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен Үкiмет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы жоспарының негізгі бағыттарын депутаттарға таныстырды.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 10:46

Министрдің айтуынша, аталған жоспар екi бөлiмнен тұратынын мәлiмдедi. Бiрiншiсi - Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында айқындаған 5 негiзгi бағыт аясында жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру, екiншiсi – экономиканың өсімін және оған кредит берудi ынталандыру бойынша жедел шаралар.

«Жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру аясында бiрқатар шара қарастырылып отыр. Бiрiншi бағыт қаржы секторын тұрақтандыру болып табылады. Ұлттық банк пен Үкiметтiң орта мерзiмдi келешектегi негiзгi мақсаты инфляцияны 2016-2017 жылдары 6%-8%-ға дейiн, 2018 жылы 5%-7%-ға дейiн, 2019 жылы 4%-6%-ға дейiн және 2020 жылы 3%-4%-ға дейiн төмендету болып табылады», - дедi Е.Досаев.

Бұдан басқа, 2016 жылдың сәуiр айында базалық пайыздық мөлшерлеменi икемдi өзгерту механизмi енгiзiлмек. Ол баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және инфляция деңгейiн төмендетуге бағытталады.

«Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының кiрiстiлiгiн арттыру мақсатында 2016 жылғы наурызға дейiн зейнеткерлiк активтердi инвестициялау тәсiлдерi қайта қаралатын болады. 2016 жылғы шiлдеге дейiн зейнетақы қорларының активтерiн қазақстандық немесе шетелдiк жеке меншiк компаниялардың басқаруына беру тетiктерi әзiрленетiн болады», - дедi Е.Досаев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика