Парламент

Сенаторлар Н. Әбіқаевты ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тағайындауға келісім берді

Сенаторлар Нұртай Әбіқаевты ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тағайындауға келісім берді.
Нұр-Сұлтан28 Желтоксан , 10:38

«Нұртай Әбіқайұлын барлығыңыз жақсы білесіздер. Белгілі мемлекет қайраткері. 2007 жылға дейін ол Сенат төрағасы болып жұмыс істеген. Нұртай Әбіқайұлын депутаттық қызметке кірісуімен құттықтаймыз. Нұртай Әбіқайұлының заң шығару қызметіне тың серпін беретіндігі анық. Нұртай Әбіқайұлы өзінің депутаттық міндетін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамында орындау жөнінде өтініш білдірді», - деген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Н.Әбіқаевты аталған комитеттің құрамына сайлау туралы Сенат қаулысын дауысқа қойды.

Жалпы отырысқа қатысқан депутаттар қаулыны бірауыздан қолдады.




Яндекс.Метрика