Адами капитал

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

Ақмола облысының Аршалы ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша өтті, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасы.
Ақмола 28 Желтоксан, 20:43

Мерекелік шараға мүмкіндігі шектеулі 40-қа жуық бала қатысты. Оларға Аяз ата мен Ақша қар және түрлі ертегілер кейіпкерлері мерекелік көңіл күй сыйлады. 

«Акцияның мақсаты - балаларға азғантай болса да мерекелік көңіл күй сыйлау», - деді Аршалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гулзәда Жекебаева.

Шара барысында аудандық жастар орталығының қызметкерлері балаларға түрлі қызықты қойылымдар ұсынып, мерекелік кештің ажарын кіргізді. Балаларға тәттілер үлестірілді.





Яндекс.Метрика