Өңірлер

Ақмола облысының аграрийлері Көкшетаудағы жәрмеңкеде 500 тоннадан астам өнімді саудаға шығарды

Көкшетауда Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақмола 28 Желтоксан, 20:04

Сонымен, жәрмеңкеде Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 57 түрлі өнім ұсынды. Ет және шұжық өнімдері 156,2 тонна, балық - 18 тонна, жұмыртқа - 250 мың дана, жалпы барлығы 220,2 млн теңгеге 517,5 тонна өнім әкелінде.

Аталған өнім арнайы жабдықталған «Шығыс» базарында саудаланды.  Фермерлер өз өнімдерін базар бағасынан 10-20%-ға арзан сатты. Сонымен қатар, жәрмеңке аясында шоу бағдарламалар, спортық ойындар, байқаулар өткізілді. 





Яндекс.Метрика