Инвестициялар

Алматы облысында Ақсу ауданындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Алматы облысының әкімдігі мен «Базис - А» холдингтік компаниясы Ақсу ауданындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы28 Желтоксан , 17:32

Аталмыш жобаға ирригациялық жүйелерді, Қызылағаш плотинасын, сол сияқты мал шаруашылығын дамытуды енгізу жоспарланып отыр. 

Кездесу барысында облыс әкімі А. Баталов Ақсу ауданын дамытуға мүмкіндік мол екенін атап өтті. Плотина қалпына келтірілген жағдайда ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ететін ГЭС те салуға да болатынын айтты. Алдағы уақытта Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының өнімін өңдейтін Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жоспарда бар. Бұл орайда қызылша өсірушілерді арнайы техникамен қаматамасыз етуде «Жетісу» ӘКК арқылы көмек көрсетілетін болады. 

«Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында инвестиция тарту туралы нақты тапсырмалар берді. Келесі жылы отандық және шетелдік бизнесмендерді шақырып, ауқымды бизнес-форум өткізу межеленіп отыр. Осы бағытта нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтқанда Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында мал шаруашылығын дамытуға, ирригациялық жүйлерді қалпына келтіруге, суармалы жерлерді айналымға енгізуге, бақ шаруашылығын дамытуға бағытталды. Бүгін біз Ақсу ауданының агроөнеркәсібін дамыту туралы ірі инвестормен меморандумға қол қойдық. Бұл іс өзінің жоғары тиімділігін көрсетеді деген ойдамын», - деді облыс әкімі А. Баталов.

Өз кезегінде «Базис - А» компаниясының басқарма төрағасы Александр Белович инвесторларға көрсетіп отырған жан-жақты қолдауы үшін облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, компания ирригациялық жүйелерді, плотинаны, сол сияқты мал және өсімдік шаруашылықтарын, жүгері шаруашылығын дамытуға ден қоятынын айтты.




Яндекс.Метрика