Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алматыда ЖРК күніне 60 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды

Алматы қаласы әкімдігі мен ЕҚДБ-ның ынтымақтастығы аясында Алматыны дамыту орталығы мен IDOМ мен Norton Rose консорциумының консультанттары ұзындығы 22,9 км жеңіл рельсті көлік (ЖРК) желісін салу бойынша концессиялық құжатнаманы дайындау туралы келісімге қол қойды.
Алматы қаласы28 Желтоксан , 10:14

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ЖРК 2020 жылы күніне шамамен 62 мың жолаушыны тасымалдайтын болады. Бағыт Индустриалды аймақтың депосынан Б.Момышұлы, Төле би, Панфилов, «Астана» алаңы, Мақатаев және Жетісу көшелері бойынша өтеді.

Бұдан басқа, бағытты Батыс автовокзалына қарай Райымбек даңғылы бойынша, Б.Момышұлы көшесінен М.Әуезов көшесіне дейін ұзарту жоспарланған.  




Яндекс.Метрика