Басқару

Елбасының жарлығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің аппараты құрылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 14:43

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылсын».

Қоса беріліп отырған:

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан
әрі – Аппарат) туралы ереже;

Аппараттың құрылымы;

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген жарлықта. 




Яндекс.Метрика