Адами капитал

Таразда зиялы қауым өкілдері жыл стипендиясымен марапатталды

Жамбыл облысы әкімдігінде облыс басшысы К.Көкрекбаев зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жыл стипендиясымен марапаттады, деп әкімдіктен хабарлады.
Жамбыл28 Желтоксан , 09:28

«Бүгінгі тапсырылатын сыйақылар облыстағы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелеріне мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында шығармашылық жетістіктеріңіз үшін берiледi. Сіздерге беріліп жүрген сыйақы көлемі жағынан барлық мәселені шешіп бермесе де, бұл қаржылық қол¬дау әдебиет пен мәдениеттің айтулы өкілдері - Сіздерге көрсетілген ықылас. Сіздер ұлттың руханиятын көтеріп, төл мәдениетті насихаттап жүрсіздер», - деді өңір басшысы К.Көкрекбаев кездесу барысында.

Кездесуде бірқатар құнды ұсыныс-тілектер, ой-пікірлер айтылды. Сонымен қатар, жыл бойы атқарылған жұмыстар бағаланып, алдағы мақсат-міндеттер талқыланды.

Кездесу барысында облыс әкімі ақын-жазушылардың барлық ұсыныстарын мұқият қарастырып, тиісті шешімдерді қабылдайтындығын айтты.

Іс-шараға облыс әкімдігінің басқарма басшылары, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты.

Аймақ басшысы зиялы қауым өкілдерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қажымас қайрат, жемісті жұмыс, шығармашылық қуат тіледі.




Яндекс.Метрика