Адами капитал

Жамбыл облысы бойынша аймақ басшысының дәстүрлі жаңа жылдық шыршасына барлығы 100-ден астам бала қатысты.

Таразда облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың қатысуымен облыс әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Биылғы балалар қойылымының тақырыбы – «Жаңа жылдық ғажайып ертегі», деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл28 Желтоксан , 08:53

Жамбыл облысы бойынша аймақ басшысының дәстүрлі жаңа жылдық шыршасына барлығы 100 бала қатысты.

Олардың қатарында Тараз қаласы мен әрбір ауданнан 9 бен 19 жас аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, облыстық мектеп-интернаттарда оқитын балалар бар.

Жалпы Жаңа жыл мерекесіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 бала, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 65 бала және 12 ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қамтылды.
Тараз қаласының «Баласағұн» ОКЗ-да үздік балалар шығармашылық ұжымдарының театрландырылған қойылымы көрсетілді. Жамбыл облысы әкімінің атынан әр балаға құттықтау хат, планшет, жұмсақ ойыншық, тәтті сыйлық берілді.

Балалар мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақармен және мерекеге келген құрметті қонақтармен бірге Жаңа жылдық шыршаны айналып, ертегі кейіпкерлерімен бірге көңіл көтерді.

Сонымен қатар, облыстық шыршаға қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияны аралады, облыстық қазақ драма театрында жаңа жылдық театрландырылған қойылымдарды тамашалады, «Қазақ хандығы» монументіне барды, «Тараз-Арена» спорт кешенінде болды.




Яндекс.Метрика