Ұлттың денсаулығы

Талдықорғанда 2016 жылы 570 орынға есептелген бассейн салу жоспарлануда – әкімдік

Талдықорғанда облыстық әкімдікте Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың төрағалығымен қала құрылысы кеңесі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы28 Желтоксан , 09:11

Онда алдағы жылы облыстың әр аумағында салынуы мүмкін құрылыс нысандарының жобалары, яғни 6 инвестициялық және 9 мемлекеттік қаржының көмегімен іске асырылатын жалпы саны 15 жоба талқыланды. 

Оның ішінде «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бойында ауданы 2,8 га аумақты құрайтын көлік сервисін көрсететін «Тир паркинг», Талдықорған қаласында 570 орынға арналған жабық бассейн, «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой-Ақбұлақ», «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Үлкен Алматы айналма тас жолы, Қаскелең қаласындағы «Olympic sports» спорт кешені, Талғар ауданы Бесағаш ауылында 225 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылыстары және басқа да жобалар бар.




Яндекс.Метрика