«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Нұрлы жол: СҚО-да 2016 жылы жергілікті мақсаттағы 360 км астам жол жөндеуден өтеді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов облыстық ардагерлер активімен кездесіп, 2015 жылы атқарылған жұмыстармен бөлісті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан26 Желтоксан , 14:06

Бірінші кезекте ол агроөндірістік кешен саласындағы табыстар мен жетістіктер. Егін жинау науқаны, отандық өндірістік комбайндары, ІҚМ басы мен құстардың 10%-ға артуы, қайта өңдеу саласының дамуы жене межеленген міндеттерге қол жеткізу барысын аймақ басшысы атап өтті.

Сонымен қатар, СҚО әкімі тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар, жол жөндеу мәселелерін талқылады және 2016 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

«Келер жылы жергілікті мақсаттағы 360 км астам жол жөндеуден өтеді  деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша  300 пәтері бар 4 тұрғын үйдің құрылысын бастаудамыз. Бұдан басқа, аталмыш бағдарлама бойынша жалға берілетін баспаналардың құрылысын 2016 жылы аяқтау, яғни «Береке» шағын ауданында 201 пәтерді пайдаланылуға беру көзделген», - деді Е. Сұлтанов. 




Яндекс.Метрика