Халықаралық интеграция

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен Роскосмос басшылығы мен ғарышкерлері марапатталды

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің басшысы Талғат Мұсабаев Ресейге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен Роскосмос басшылығы мен ғарышкерлерін марапаттады. Марапаттау туралы жарлыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 3 желтоқсанында қол қойған, деп хабарлады Роскосмос.
Әлемде26 Желтоксан , 13:17

Аталып өткендей, І дәрежелі «Достық» орденімен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры  Игорь Комаров пен «Ю. А. Гагарин атындағы ҒДО»ФМББ бастығы  Юрий Лончаков марапатталды.

Ал, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Роскосмос ғарышкері, ғарышта болу уақыты бойынша рекордсмен Геннадий Падалка мараптталды.

Сондай-ақ, дәл осындай марапат Роскосмостың тағы бір ғарышкері Сергей Волковқа берілді. Алайда ол бүгінде Халықаралық ғарыш айлағында, оған ІІ дәрежелі «Достық» ордені жерге 2016 жылдың наурыз айында оралғаннан кейін тарту етіледі.  




Яндекс.Метрика