Ұлттың денсаулығы

Өскемендегі спорт сарайы ҚХЛ талаптарына сай кеңейе түседі

Жаңа жыл қарсаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов «Торпедо» ХК директоры Сергей Немчинов пен бас жаттықтырушы Мисхат Фахрутдиновты қабылдады, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 26 Желтоксан, 12:39

Клубтың ағымдағы мәселелерін талқылаған соң аймақ басшысы, соңғы ойындардың қорытындысы көңілге үміт ұялататынын айтты.

Кездесу барысында «Торпедо» хоккей клубының басшылығы клубта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды. Өз кезегінде аймақ басшысы қиын күндерге қарамастан, облыс басшылығы командаға барынша қолдау көрсететінін, ал олар болса жанкүйерлердің сенімін ақтаулары керек екендігін жеткізді.  

Сондай-ақ, облыс әкімі жақын уақытта Б. Александров атындағы спорт Сарайы Құрлықтық хоккей лигасының талаптарына сай кеңейе түсетіндігін хабарлады. Жоспар бойынша халықаралық талаптарға сәйкес негіз құрылмақ.

Кездесу соңында Даниал Ахметов «Торпедо» клубының директоры мен бас жаттықтырушысын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, істеріне сәттілік, табыс және жаңа жеңістер тіледі.





Яндекс.Метрика