Басқару

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 20:17

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты:

Бөрібай Биқожаұлы Жексембин Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. 




Яндекс.Метрика