Басқару

Н.Назарбаев ҚазҰТУ мен ҚБТУ-ды біріктіру туралы шешімін жариялады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 20:01

Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру. 




Яндекс.Метрика