Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жыл басынан бастап 133 мыңға жуық қазақстандық «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 133 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты. Олардың қатарында 72 мың адам (54,1%) жұмыссыздар, өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар – 61 мың (45,8%), 133 тұлға (0,1%) - ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер бар.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 10:36

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлағандай, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 жылы 522 жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 8,5 мың адам орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 5,7 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микронесие алды, оның ішінде 3,9 мың адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды. Нәтижесінде ағымдағы жылы қосымша 5,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) тегін оқумен 14 мың азамат қамтамасыз етіліп, оның 13,1 мың адамы оқуларын тәмамдап, жұмысқа орналастырылды.  20,3 мың азамат жастар практикасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ, жыл басынан бастап үшінші бағыт бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 356 адам көшірілді.

78,9 мың азамат жұмыспен қамту орталықтарына жүгініп, мемлекеттің қолдау шараларынсыз жұмысқа орналастырылды.

Биылғы жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына 4,3 мың мүгедектер, 194 балалар үйінің тәрбиеленушілері, 20,6 мың мектеп, орта және жоғарғы білім беру ұйымдарының түлектері қатысқанын атап айту керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.




Яндекс.Метрика