Ұлтаралық бірлік

Е.Тоғжанов: ҚХА жылы еліміздің этностары үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болды

ҚХА жылы еліміздің этностары үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болды. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 16:53

«2015 жыл ҚХА жылы ғана емес, ол ең алдымен бірліктің, елдіктің жылы, Тәуелсіздігімізді нығайтатын ерекше жыл болды. ҚХА жылының шараларын өткізуді ұйымдастыруға  барша ел азаматтарын, азаматтық қоғам институттарын, барлық мекемелерді, мемлекеттік органдарды жұмылдыру қамтамасыз етілді. 5426 елді мекенде өткізілген 30 мыңнан астам шараларға 9 миллионға жуық адам қатысып, бұл шараларда ауылдық жерлер де қамтылды»,-деді Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар ол биыл Қазақстандағы этностар үшін мемлекеттік тілді меңгеру жылы болғанын атап өтті. Жалпыұлттық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында 235 мың баланың қатысуымен 7 863 шара өткізілді. 43 мыңнан астам бала мемлекеттік тілді толық меңгеріп шықты.

Оның сөзіне қарағанда, ҚХА жылы мақсаттарына қол жеткізу үшін 16 жалпыұлттық жобалар жүзеге асырылып, олардың барлығы нақты нәтижелерге бағытталды.

Ассамблея жылында қайырымдылық акцияларына ерекше мән берілді. «Тайқазан. ҚХА -20 ізгі іс» басты жобасы аясында 6 953 шара өткізіліп, ел халқына 1 млрд.  790 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.

Сонымен қатар «Қамқор» акциясы барысында аз қамтылған отбасылар 413 млн. теңге көлемінде көмек алды. «Менің Қазақстаным»  акциясына 920 мыңнан астам адам қатысып, 50 мыңнан астамы медициналық көмек алды.




Яндекс.Метрика