Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Астана қаласында ағымдағы жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 839 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 18:34

Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 1 528, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөңдеу – 4 305, көлік және қоймалау – 1 158, білім саласы және денсаулық сақтау – 3 157, құрылыс – 2 678 және 5 563 – экономикалық қызметтің басқа түрлері.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 843 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесін өтуге 589 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 628 адам қайта даярлауға жіберілді.

Сондай-ақ, 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Айта кетейік, елордада «Артем» базарында қалалық Жұмыспен қамту орталығының өкілдігі ашылды. Енді базарға келушілер, сондай-ақ базар маңында жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы және бос орындар, халықты жұмыспен қамту бойынша қолданылатын басқа да белсенді іс-шаралар туралы толық ақпарат ала алады.




Яндекс.Метрика