Инвестициялар

Шымкентте алғаш рет инвестициялық жоспар бойынша 4 тоғызқабатты үй салынады

Шымкентте келер жылы алғаш рет инвестициялық жоба бойынша 9 қабатты 4 үй бой көтереді. Бұл баспаналар «Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып салынады, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Южно-Казахстанская область25 Желтоксан , 20:28

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО филиалының директоры Қасымбек Маликов хабарлағандай,  бұл пәтерлер «Тұрғын үй, құрылыс жинақ банкінің» салымшылары мен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында кезекке тұрған азаматтарға берілетінін жеткізді.  

Құрылыс комбинаты әдісімен тұрғызылатын тұрғын үйлерде коммерциялық және автопаркинг алаңдары қарастырылған. Бұл үйлерді салуға облыстан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінсе, қалған қажетті қаржы инвесторлар тарапынан тартылатын болады.

«Жалпы саны 192 пәтерден тұратын баспаналардың құрылысын 18 айда аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтерлердің шаршы метрі 150 мың теңгеден халыққа ұсынылады», - деді «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М.Жүйріктаев.

Бұл жобаны қолға алмас бұрын «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өз тарапынан облыс және республика аймағында жүргізіліп отырған құрылыстар бойынша сараптама жүргізіп, үйлердің құрылыс комбинаты әдісімен салынғаны тиімді әрі сапалы болатынын анықтаған. Өйткені бұл әдіспен бой көтерген үйлер қысқа мерзімде салынып, сейсмикалық төзімді болады. Сондай-ақ, құрылыс комбинаттарын қолдана отырып, отандық тауарөндірушілердің жұмысының жандануына  үлес қосады.




Яндекс.Метрика