Басқару

ҚР-дағы дәрі-дәрмектердің бірыңғай дистрибьютері 5 жылда 37 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеді

Қазақстандағы дәрі-дәрмектердің бірыңғай дистрибьютері «СК-Фармация» ЖШС 5 жылда 37 млрд. теңге бюджет қаржысын үнемдеді. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 16:24

«Егер 2009 жылы бірыңғай дистрибьютер дәрі-дәрмектің 27 түрін сатып алса, бүгінгі күні олардың саны 900-ден астамға жетіп отыр. Бүгінгі күні бірыңғай дистрибьютердің халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі рөлі өте жоғары. Серіктестік құрылған сәтте оның алдына халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету, фармацевтика өндірісінің сапасын арттыру, сонымен қатар бюджет қаржысын үнемдейтін жүйе құру міндеті құрылған болатын», - деді ол сөз басында.

Сонымен қатар оның айтуныша, бірыңғай дистрибьютердің  5 жылдық тәжірибесі оның дербестігін көрсетіп берді.

«Олар сияқты бірде бір медициналық ұйым дәрі-дәрмекті төмен бағаға сатып ала алмас еді. Бүгінгі күні 2009-2015 жылдары аралығында үнемделген бюджет қаржысын анық көріп отырмыз. Қазіргі уақытта бюджет қаржысы шамамен 37 млрд. теңгеге үнемделіп отыр. Өйткені, Бірыңғай дистрибьютер дәрі-дәрмекті іріктеу және бағаны төмендету әдісімен сатып алды», - деді Л.Пак.




Яндекс.Метрика