Адами капитал

ОҚО-да Президент шыршасына 200-ден астам бала қатысты

Шымкенттегі «Оңтүстік цирк» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің шыршатойы өтті. «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты жаңа жылдық мерекеге облыстан 200 бала қатысты, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Южно-Казахстанская область25 Желтоксан , 17:29

Шыршатойда балалар Ұлы Жібек жолының картасы бейнеленген көрініс пен биылғы жылы өткен мерейлі мерекелер мен Президенттің өнегелі жолдары сипатталған бейне роликті тамашалады. Және ертегілер әлеміне саяхат жасап, Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын LED экран арқылы тыңдады.

Балғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Б.Атамқұлов балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады. Сонымен қатар, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты керемет кітаптар мен тәттілер сыйға тартылды.

Мерекелік шыршатой  өнерлі балалар дайындаған бағдарламасымен жалғасып, естелік суретке түсуі арқылы қорытындыланды.




Яндекс.Метрика