Ұлтаралық бірлік

Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықованың төрағалығымен ҚХА жылы аясындағы жұмыстар қорытындыланып жатыр

Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланып жатыр.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 15:37

Г.Әбдіқалықова Мемлекет басшысының ҚХА жылын өткізу жөніндегі алға қойған міндеттеріне қол жеткізілгенін атап өтті.

«Осы жылдың маусым айында бiз Ассамблея жылын өткiзу бойынша жоспарларды үйлестiрiп, негiзiнен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бiртектiлiк және бiрегейлiк» институционалдық реформасының басымдықтарын есепке ала отырып, жұмыстың мән-маңызын анықтап, оны әзiрлеу туралы шешiм қабылдадық. Сондай-ақ, сәйкес медиажоспарларды жүзеге асыру, бiртектiлiк пен бiрлiк басымдығы бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын қамтамасыз ету туралы шешiм қабылданды. Бұл бес институционалдық реформалар мен ҚХА жылы аясындағы жұмыстардың толық үйлесiмдiлiгiне қол жеткiздiк», – деді өз сөзінде Г.Әбдіқалықова.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы осы саладағы жұмыстарды жоғары бағалады – 3 мыңнан астам адам Ассамблеяның 20 жылдығы мерейтойлық медалімен, 10 мыңға жуық азамат Конституцияның 20 жылдығы медалімен марапатталды.




Яндекс.Метрика