Қазақ хандығына 550 жыл

ҚР Ұлттық музейінде мүсінші М.Габдрахмановтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты көрмесі ашылды (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Габдрахманов Мараттың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті, деп музейден хабарлады.
Нұр-Сұлтан 25 Желтоксан, 17:46

«Мұндай көрменің Ұлттық музейде өтуінің өзі біздің ұжымға деген ерекше сенімді білдіреді. Марат Рахметоолаұлының шығармашылығында қазақ халқының тарихы барлық қырынан танылған. Оның жасаған мүсіндері осынысымен ерекшеленеді. Біз осы көрме арқылы қазақтың мүсін жасау өнерінің даму жолымен таныса аламыз. Туындыларымен ерекшеленген мүсіншінің көрмесіне сәттілік тілейміз!», - деді Ұлттық музей директоры Д.Мыңбай.

Габдрахманов Марат Рахметолаұлы Ақтөбе облысында туған. 1990 жылы Ресей, Нижний Тагил қаласының, Орал қолданбалы өнер училищесінің металды өңдеу бөлімін, 1992 жылы К.Жұбанов атындағы көркемсурет университетін бітірді. 1996-1998 жылдар аралығында  Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «PRATT» өнер институтында білімін шыңдады. «Дарын» жастар сыйлығының иегері.

Бұл жолғы көрмеге автордың қазақтың мәдениетін, тарихы мен тұрмысын айқындайтын48 туынды ұсынылып отыр

Айта кетерлік жайт, «Көшпенділер» көрмесі 2016 жылдың 24 қаңтарына дейін жалғасады. 





Яндекс.Метрика