Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Павлодарда жақын арада көшелерге 36 жаңа автобус шығады

«Павлодар қаласының №1 автобус паркі» ЖШС-ін жекешелендіру өзінің алғашқы жемісін берді. Автопарктің жаңа қожайындары жақын арада көшелерге шығатын 36 жаңа автобустың тұсаукесерін өткізді, деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігі.
Павлодар25 Желтоксан , 18:51

№1 автобус паркі бір ай бұрын тиімді бағаға сатылған болатын. Жекешелендіру шарттарының бірінде жаңа автобустарды сатып алу міндеткерлігі тұрды. Облысымыздың басқа аудандарында да кәсібін жүргізіп отырған павлодарлық «Қазақстан құрылыс компаниясы» ЖШС  өз міндетін орындап, облыс орталығында әрқайсысының сыйымдылығы 100 жолаушыны құрайтын 36 жаңа автобустың тұсаукесерін өткізді. Жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асатын жаңа көлік құралдары пандустармен жабдықталған. Бұл арбаға таңылған мүгедек жандардың салонға өтуіне өте қолайлы. Сонымен бірге, әрбір автобуста тегін wi-fi желісі орнатылған.

«Биылғы жылы өткізілген Павлодар қаласының маршрут желісін оңтайландыру қажет болды  деп есептеймін. Бұл қоғамдық көліктердің  жайлылығын арттырып, қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдау жұмысының тиімділігін арттырады»,- деді Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Атап өту керек, жаңа тасымалдаушы келесі жылдың басында біртіндеп енгізілетін электронды билет жүйесімен де таныстырды. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе тасымалдаушылардың табысын барынша ашық көрсетіп, салықтық түсімдердің көбеюіне әкеледі.




Яндекс.Метрика