EXPO-2017

Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге арналған пошталық марка шығарылды

«Қазпочта» АҚ Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған пошталық марканы қолданысқа енгізді.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 14:48

«Қазпочта»АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Марка 4 бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ, 8 маркадан тұрады.

«Номиналы 300 теңге марканың көлемі 140 және 120 мм, ол офсеттік әдіспен төрт бояумен басылған. Маркалардың таралымы - 5 мың дана. Суретшісі К. Плужникова»,- делінген хабарламада.

Жаңа пошталық «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарған. Оларды пошта жөнелтуге кез-келген адам пайдалана алады.




Яндекс.Метрика