ҚР ИИДМБ

2017 жылы Қазақстанда шыны зауыты іске қосылады

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында жылдық қуаттылығы 197 мың тонна шыны өндіретін зауытты іске қосамыз деп отырмыз. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 12:18

«Мемлекет басшысы 10 жылда өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін екі есе арттыру туралы міндет қойды. Біз соңғы үш жылда еңбек өнімділігін 4,5 есе арттырдық.  Осы ретте шыны зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны  215,5 млн долл.  құрады. Уақыт өте келе аталмыш жобаны кеңейту мәселесі туындайтын шығар», - деді Қ.Көшербаев.

Әкімнің мәліметі бойынша, жоба құрылысы аяқталғанна кейін 310 адам зауытта жұмыс істейді.

«2017 жылдың бірінші жарты жылдығында жылдық қуаттылығы 197 мың тонна шыны өндіретін зауытты іске қосамыз деп отырмыз. Айта кетерлік жайт, зауытқа қажетті шикізаттың 90% аймақта өндіріледі», - деді әкім. .

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика