Өңірлер

ҰКП-ның арқасында 4 компания 147,5 млн теңгеге қаржыландырылды

2015 жылы қаржылық емес көмектің нәтижесінде мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы бойынша 4 компания 147,5 млн. теңге көлемінде қаржыландырылды, деп хабарлады Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 12:03

«Оқу-дәрістік жобалар аясында «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша - 1 208 дәріскер,  «Бизнес-кеңесші» бағытында - 1 030 дәріскер, «Бизнес-Өсім» бағдарламасында  - 113 дәріскер, «Тәлімгерлік әдістемесін қолдану арқылы жобалап оқыту»  бағыты бойынша – 65 дәріскер білім алып,  арнайы сертификатқа ие болған», - деп атап өтті Ғ. Тасмағанбетов.

Сонымен, оның айтуынша, осы мерзім ішінде қаржылық емес көмектің нәтижесінде мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы бойынша 4 компания 147,5 млн. теңге көлемінде қаржыландырылды, екінші санаттағы банктерде жалпы сомасы  196,0 млн. теңгені құрайтын 4 ірі жоба қарастырылуда.  Жалпы, кеңестік қолдау аясында  Палата тарапыан  қолдау көрсетілген жобаларға жарты миллиард тенге көлемінде инвестиция тартылған.

«Жалпы, кеңестік қолдау аясында  Палата тарапыан  қолдау көрсетілген жобаларға жарты миллиард тенге көлемінде инвестиция тартылған», - деп атап өтті Астана қаласы АКП басшысы. 




Яндекс.Метрика