Өңірлер

ҚР Ұлттық банкі «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Алқа» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығарды

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының №2155 Заңына сәйкес , Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 25 желтоқсанда бірнеше ескерткіш монеталарды айналысқа шығарды.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 20:43

Хабарлағандай, номиналы 500 теңгелік, «proof» сапасымен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Алқа» ескерткіш күміс монеталарын, номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан «Шығыс ертегісі» (Қожанасыр) ескерткіш монеталарын, номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен биколорлы және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Ғарыш» монеталар сериясынан «Венера- 10» ескерткіш монеталарын шығарады.

Бұдан басқа, номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «І.Есенберлинге 100 жыл», «Ж.Тәшеневке 100 жыл», «Е.Бекмахановқа 100 жыл» ескерткіш монеталары айналысқа шығарылады.




Яндекс.Метрика