Ұлтаралық бірлік

Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері арнайы гранттарға ие болды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев 2015 жылдың қорытындысы бойынша этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне гранттарды салтанатты түрде табыстады.
Жамбыл25 Желтоксан , 12:51

Жаңа жыл қарсаңында этномәдени бірлестіктердің жұмысын қорытындылау дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылында алға қойған міндеттер мен ұлттық жоспарды орындаудағы іс-шараларды іске асыруға белсенділік танытты.

«Баршаңызды Ұлы дала елінде Елбасымыздың Жолдауында тұрақты өркендеген «Мәңгілік Ел» құрудағы жаңа мақсаттарды іске асыру үшін ынтымақтаса жұмыс жасауға шақырамын», - деді өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі өз сөзінде халқымыздың тарихи мәселелерді біріге шешім қабылдап, ұйымдасып жеңіске жететіндігін, сондықтан жұмылған жұдырықтай ынтымақтаса әрекет жасаса, барлық жұмысты іске асыруға болатындығын жеткізді.

Жиын барысында 22 этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне грант табысталды.

Өңір басшысы баршаны келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, еңбекте сәттілік, бақыт тіледі.




Яндекс.Метрика