Өңірлер

Қызылорда облысында 2016 жылы ШОБ-қа қолдау көрсетуді 3 есе арттыру жоспарлануда

2016 жылы аймақтағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді 3 есе арттырамыз, деп ағынан жарылды Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 11:24

«2016 жылы Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді  3 есе арттырамыз. Осы ретте жауапкершілікті де қатайту керек. Яғни, уақытылы несие төлемеу жалтарып жүргендердің тізімі несие бюросына жіберіледі. Сондан кейін ол бірде бір банктен Қазақстанның бірде-бір өңірінен несие аламайды», - деп атап өтті Қ.Көшербаев.

Әкім атап өткендей, несиесін уақыты өтеген тұлғалар 3 емес 5 млн теңгені несиеге алуға қайта  өтініш беріп алып жатады.

«Ал, Ұлттық қордан бөлінген қаржыны ысырап еткендерге мұндай жаза әділ деп ойлаймын», - деді аймақ басшысы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика