Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Білім және ғылым министрлігі білім саласынан ескірген 730 пәнді алып тастады

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру саласынан ескіріп қалған 730 пәнді алып тастады. Бұл жайында министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды kazakhstan2050.kz.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Бүгнгі таңда қазақстандық білім беру саласының жаңғыртылуы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.  Ең алдымен аталған саланың мазмұны жетіледі. Бұл жайында Қазақстан Республикасының  2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағарламасында айтылған.

«Министрлік сарапшыларының жасаған қорытындыға сәйкес, жалпы орта білім беру жоспарына өзгерістер енгізілген. Техникалық және кәсіби білім беру саласында сұранысы төмен пәндердің көшін «Валеология», «Қоғамтану», «Экономика негіздері» сынды пәндер бастап тұр» делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ескірген және сұраныс жоқ пәндерді анықтау мақсатында жоғарғы оқу орындарының типтік жоспарларына тексеру жүргізіліп, 730 ескірген пән айналымнан алынды және 560 пән таңдаулы пәндер қатарына қосылды.

«Мәселен, «Ұсақдана силикат материалдар», «Ағаш өндірудегі пластмассалар», «Тау құқығы», «ҚР сыртқы саясатындағы энергетикалық фактор», «Жерасты урбанистикасы», «Революцияға дейінгі тарихнама» және өзгелері. Пәндердің көпшілігі «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар мен тенологиялар», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» сынды мамандықтардың топтары бойынша айналымнан шығарылды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, білім беру саласынан алынып тасталынған осынау пәндер орнына бүгінгі заманға қажетті пәндер енгізілді.




Яндекс.Метрика