Инвестициялар

Қазақстан экономикасына жария ету аясында 42,1 млрд теңге инвестицияланды

Қазақстанда 2015 жылдың 23 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік кірістер органымен сомасы 403,9 млрд. теңгеге 53 646 объект жария етілді.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 14:32

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 719,0 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 72 534 өтініш түсті. Мемлекеттік кірістер органымен сомасы 403,9 млрд. теңгеге 53 646 объект жария етілді

«Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1044,4 млн тенге құрайтын 38 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті. Сомасы 1044,4 млн. теңгеге 38 объект  және бағалы қағаздар жария етілді», - делінген хабарламада.     

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 22.12.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 84,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге  184 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,1 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 33,8 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңге.




Яндекс.Метрика