ҚР ИИДМБ

2016 жылы Қызылордада құрылыс материалдарын шығаратын бірқатар зауыттардың құрылысы басталады

Қызылорда қаласында индустриалды аймақта 2016 жылы ферроқорытпа, асфальтбетон, силикат кірпіші мен тығындалатынг цемент өндіретін зауыттардың құрылысы басталады, деп хабарлады Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 11:09

«Қызылорда қаласында индустриалды аймақта  2016 жылы ферроқорытпа, асфальтбетон, силикат кірпіші мен тығындалатынг цемент өндіретін зауыттардың құрылысы басталады. Ферроқорытпа зауытының құны  253,2 млн долларды құрады. Біз бұл ретте неміс әріптестеріміз «ICMD» компаниясымен жұмыс істеудеміз. Техникалық экономикалық негіздеме жасалды, инфрақұрнылым тартылып қойылған», - деді Қ.Көшербаев.

Оның айтуынша, өндіріс ошағы жылына 160 мың тоннаға дейін төмен алюминді ферротастар өндіреді.

«Зауыт отандық ғалымдар жасақтаған инновациялық технологиямен жұмыс істейтін болады. Оның үстіне өндіріс ошағының энергосыйымдылығы өте жоғары болғандықтан, екінші кезеңде қуаттылығы 150МВт газтурбиналық электрстанцияның құрылысы жоспарланған», - деді облыс әкімі

.Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика