Өңірлер

Астана қаласы кәсіпкерлері үшін 2015 жылы 8 аймақтық кедергі жойылды

Жыл басынан бері 27 әкімшілік кедергі анықталса, оның 12-сі аймақтық, 15-і республикалық деңгейде, жалпы есеп бойынша 8 аймақтық кедергі жойылды, деп хабарлады Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов есептік кездесуде.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 10:52

«Палата сарапшыларының негізгі міндеті әкімшілік кедергілерді жою болды. Жыл басынан бері 27 әкімшілік кедергі анықталса, оның 12-сі аймақтық, 15-і республикалық деңгейде, жалпы есеп бойынша 8 аймақтық кедергі жойылды», - деді Ғ.Тасмағанбетов.

Оның хабарлауынша, биылғы жылы кәсіпкерлерден келіп түскен шағымдардың 326-сы құқықтық сұрақтар болса, олардың 163-і, демек, 50 пайызы оң шешімін тапқан. Арыз-шағымдардың басым көпшілігі салық органдарына, мемлекеттік мекемелер мен құзыретті органдарға, сатып алу саласындағы квазимемлекеттік секторлар тарапына бағытталған.

«Палата сарапшылары арыз-шағым басым түскен мемлекеттік органдармен етене байланыста жұмыс жасайды. Әсіресе, жыл басынан бері Астана қаласының сәулет және құрылыс басқармасымен бірлесіп құрылған жұмыс тобының қызметі аясында 29 отырыс өткізіліп, 150 мәселе қаралды, нәтижесінде олардың 70 пайызы шешілді», - деді палата директоры.




Яндекс.Метрика