Өңірлер

ҚР ҰКП қолдауы жыл қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге 750 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауы жыл қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге 750 млн теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді , деп хабарлады Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов есептік кездесуде.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 10:37

Ғ.Тасмағанбетов кәсіпкрелердің құқығын қорғау бойынша жыл басынан бері қабылданған шаралар туралы егжей-тегжейлі есеп берді.

«Палата сарапшыларының негізгі міндеті әкімшілік кедергілерді жою болды. Жыл басынан бері 27 әкімшілік кедергі анықталса, оның 12-сі аймақтық, 15-і республикалық деңгейде, жалпы есеп бойынша 8 аймақтық кедергі жойылды. Биылғы жылы кәсіпкерлерден келіп түскен шағымдардың 326-сы құқықтық сұрақтар болса, олардың 163-і, демек, 50 пайызы оң шешімін тапқан. Арыз-шағымдардың басым көпшілігі салық органдарына, мемлекеттік мекемелер мен құзыретті органдарға, сатып алу саласындағы квазимемлекеттік секторлар тарапынан бағытталған», -  деді ол.

Оның айтуынша, аса күрделі, жан-жақты талқылауды талап ететін сұрақтар палатаның жанынан құрылған кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде қарастырылады.

«Жыл басынан бері кеңестің 7 отырысында 12 өзекті мәселе қаралып, оның 10-ы кәсіпкерлер пайдасына шешілген. Жалпы, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 750 млн теңгеден астам қарждыға  кәсіпкерлер құқығы қорғалды», - деді Ғ.Тасмағанбетов.




Яндекс.Метрика