Қалаларға шоғырлану

Кәсіпкерлер палатасы Астананың бизнес-қауымдастығымен кездесті

Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасы елордалық бизнес-қауымдастық алдында жыл қорытындысын баяндап есептік кездесуін өткізді.
Нұр-Сұлтан25 Желтоксан , 10:28

«Жалпы, жыл есебі бойынша  Палата: әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлер құқығын қоғау, жобаларды қолдау, кәсіпкерлерге қаржылық емес көмек көрсету және адами капиталды дамыту сынды  бірнеше басым бағыттар бойынша ауқымды нәтижелерге қол жеткізді», — деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.

Оның айтуынша, оң шешімін тапқан сұрақтар Палата қызметінің қаржылық емес қолдау көрсету бағытында да айқындалған. 

«Жол картасы- 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  жыл басынан бері кәсіпкерлерге 2505 қызмет ұсынылып, 1554 шағын және орта бизнес нысандарына қолдау көрсетілген. Соның ішінде  68 бизнес-жоспар  және маркетингтік стратегия,   352 салық және статистикалық есеп айырысу, 37 компания менеджмент жүйесіне оқытудан өтсе,  563-не құқықтық кеңес берілген, сондай-ақ 112 веб-сайт және ғаламтор парақшасы жасалып, 53 компания сатып алу жүйесінің электрондық базасына қосылған», - деді ол.    




Яндекс.Метрика