Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда 8 жылда 40 млн астам скринингтік тексеру жүргізілді – ҚР ДСӘДМ

Қазақстанда 8 жылда скринингтік зерттеулер нәтижесінде 1,7 млн. адамның ерте сатыдағы әртүрлі аурулары анықталды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан25 Желтоксан , 13:54

Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 2008 жылдан бастап республикалық және жергілікті бюджет есебінен 40,8 млн-нан астам тексеру жүргізілді. Бұл 1,7 млн-нан астам адамның ерте сатыдағы ауруларын анықтауға көмектесті.

2008 жылы басталған Ұлттық скринингтік бағдарламасына қанайналым жүйесін (БЖА), сүт безі, жатыр мойны обырларын анықтау кіреді. 2011 жылы «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасының аясында скринингтік зерттеу шараларының ауқымы кеңейтіліп, қант диабетін, глаукома, тоқ ішек пен тік ішек обырларын, В және С гепатиттерін анықтауға арналған тексерістермен толықтырылды.    

Мемлекеттік бағдарламамен біріктірілген 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында өңеш пен асқазан обырын, еркектік безі және бауыр ісігі обырларын анықтауға арналған скрининг кезең-кезеңімен енгізілді.    

Айта өтейік, скринингтік тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді. Пациенттер скринингтік бағдарламаға өз еріктерімен қатысады.

«Қазіргі таңда қала және ауыл тұрғындарын скринингпен қамту 70%-ды құрап отыр. Шалғайдағы ауылдық мекендерде скринингтік тексеру шаралары жылжымалы медициналық кешендерді қолдану арқылы іске асырылады», - делінген хабарламада.

Аталған жылдар аралығында скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 4,7 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 19,3 млрд. теңге бөлінді

Кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру скринингтік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру шараларының бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. 2011 жылы онкоскринингке еуропалық стандарттарды енгізу барысында барлық аймақтарда МСАК дәрігерлері және бейінді дәрігерлер үшін семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, 2011 жылы скринингтік бағдарламалар бойынша амбулаторлы-емханалық ұйымдары мен МСАК мамандарының біліктілігін әрі қарай арттыру мақсатында медициналық ЖОО оқытушыларының арасынан 85 жаттықтырушы және медициналық колледждердің 46 оқытушысы білім алды.

Бұдан басқа, мембағдарламаны жүзеге асыру аясында еліміздің медициналық ұйымдары медициналық ғылымның соңғы жетістіктеріне сай скринингтік зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи зндоскопиялық, рентгенологиялық және зертханалық жабдықтармен қамсыздандырылды. 




Яндекс.Метрика