Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда экономиканың жаңа секторын дамыту керек - сарапшы (ВИДЕО)

ҚР-да жеке секторды арттырумен қатар экономиканың жаңа секторларын дамыту керек, деп хабарлады Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары Әсет Ерғалиев «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 25 Желтоксан, 09:13

«Жолдауда Мемлекет басшысы жаңа экономикалық жағдай туралы айтты, оның аясында Қазақстан дамуы керек. Жалпы бұл жағдайда біздің негізгі сауда серіктестеріміз ЕАЭО мен Қытайда экономикалық өсім төмен болады. Алайда, жақын 5 жылда орташаұзақмерзімде экономикалық өсім 5-7% деңгейінде болады», - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде жеке секторға үлкен көңіл бөлінуде.

«Экономикалық өсімде жекешелендіру арқылы жеке сектордың рөлі артуда. Сонымен қатар экономикадағы мемлекеттің ролі төмендеуде.   Жаңа құрылымдық экономиканы дамытатын боламыз, бізде индустрияландырудың алғашқы бесжылдығының нәтижесі бар. Енді екінші бесжылдық күшіне енді. Осы бағытта жеке сектордың үлесін арттырумен қатар алға қарай жүреміз», - деп түйді ол.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика