Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Президентінің Өкімімен зейнеткерлік жастағы бірқатар министрлер мен әкімдердің өкілдіктері ұзартылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 20:41

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьниктің – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Ақмола облысының әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың  – 2020 жылғы 22 қарашаны қоса алғандағы;

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің – 2016 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Өміртай Мақашұлы Бітімовтің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненовтің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері:

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Хамитқызы Баймолдинаның – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Карпович Божконың – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаевтың – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесінің директоры Алма Сағынғалидың – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін  ұзартылды.




Яндекс.Метрика