Адами капитал

Ақмола облысында ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Ақмола облысының Бурабай ауданында ҚР Президентінің атынан жаңа жылдық мерекелік шырша өтті, деп хабарлады әкімдік.
Ақмола24 Желтоксан , 19:54

Дәстүр бойынша «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» іс-шарасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнебайланыс арқылы құттықтауынан басталды.

Бұл дәстүрлі мерекеге жетім балалар, ата-аналарының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар және дарынды жеткіншектер, яғни облыс бойынша жиналған 200-ден астам бала қатысты.

Мерекелік кеште жиналғандарды өңір басшысы Сергей Кулагин  құттықтады.

«Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендердң бақытты, дендерің сау болып жақсы білім алуларың үшін көп жұмыс жасауда. Өйткені сендер – біздің болашағымызсыңдар!  Біз сендердің жақсы өмір сүрулерің үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар!» деді өңір басшысы.

Балалар осы күні ертегілік кейіпкерлердің ойындары мен шағын қойылымдарын тамашалады.

Шара соңында өңір басшысы барлық балаларға Президент атынан сыйлықтар үлестірді. Сондай-ақ барлық қатысушылар  «Лапландияға» экскурсия жасап, мерекелік түстік ас ішті. 




Яндекс.Метрика