Адами капитал

Шымкент қаласындағы авиациялық база ҚР ӘӘК-тің үздік бөлімі атанды (ФОТО)

Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасында 2015 оқу жылы бойынша Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдері арасында жауынгерлік даярлық қорытындыланды, деп хабарлады әскери ведомство.
Оңтүстік Қазақстан 25 Желтоксан, 08:57

Алғаш рет ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов салтанатты түрде 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК үздік әскери бөлім командиріне ауыспалы кубок табыстады. Ол кубокты подполковник Қайрат Пернебаевтің басшылық етуімен Шымкент қаласындағы авиациялық база, яғни, 55652 әскери бөлімі иеленді.  

Бұл бөлім бір жыл бойы жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіпті нығайтуда үздік нәтижелер көрсетті. Авиабазаның ұшқыштары МиГ-29 жойғыштары мен Су-25 шабуылдағыштарында «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысында екінші орын алды.  Сондай-ақ олар аспанда «70» санын бейнелеп, Жеңістің 70 жылдығына орай парадта ерекшеленді.

«Оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жетістіктері үшін» Әскери-әуе күштерінің ауыспалы кубогы ӘӘК-нің бөлімдерін марапаттау үшін қолбасшымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар марапаттау рәсіміне командирлерге тілек-лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында баршаға сәттілік тілеген Қарулы Күштердің ардагері, «Даңқ» орденінің кавалері, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин қатысты.  





Яндекс.Метрика