EXPO-2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады әкімдік.
Оңтүстік Қазақстан24 Желтоксан , 18:04

Айта өтейік, осындай келісімге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвестор Хасан Альшабанмен өткізілген кездесуі барысында қол жеткізілді.

Кездесу барысында Әкім жобаның ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қарсаңында ерекше маңызды екенін атап өтті және жобаны жан-жақты қолдауға дайын екнін мәлімдеді.

Өз кезегінде Альшабан Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің және әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айтып, өңір басшысын электр станциясының ЭСКПО-2017 басталғанына дейін іске қосылатынын сендірді. 

Айта кетерлік жәйт, шетелдік тарап 35 млрд. теңге көлемінде инвестиция салуға мүдделі және тұрақты жұмыс орнымен 50 жергілікті тұрғынды қамтамасыз етуді жоспарлауда. Қазақстандық тарап жобаны жүзеге асыруға Бәйдібек ауданынан 230 гектар жер телімін бөліп отыр.  

Сонымен қатар, араб инвесторы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында түйе шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отыр.




Яндекс.Метрика