ҚР ИИДМБ

2016 жылы Қызылорда қаласындағы үй құрылыс комбинаты облыс тұрғындарының тұрғын үйге қажеттілігін 30%-ға дейін жабатын болады

Қызылорда қаласындағы үй құрылыс комбинаты – «РМЗ-Шапағат» ЖШС-ның өндірістік қуаттылығы 2016 жылы 20 мың ш.м. тұрғын үй құрылысын құрайды.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 17:32

«Қазақстанның Даму Банк» АҚ-ның еншілес құрылымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен қаржыландырылған жоба а.ж. желтоқсанындағы Елбасының қатысуымен өткен «Қазақстанды жаңа индустриалдандыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпы ұлттық телекөпірінің барысында пайдалануға берілді.

«Қазақстанның Даму Банк» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жобаның құны шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды, оның 884 млн теңгесі – лизинг затының (жабдық) құны, оған қаражат «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен 7 жыл мерзіміне, жылдық 5% мөлшерлемесі бойынша берілді.

Қазіргі таңда «ҚДБ-Лизинг» АҚ, «WEILER» неміс компаниясы мен «РМЗ-Шапагат» ЖШС арасында қол қойылған келісімшарт аясында қаңқалы-панель, ірі панельді үйлердің құрылысында қолданылатын құрастырылмалы темірбетон және бетон өнімдер шығаратын технологиялық желілердің жеткізілуі іске асырылады.

Жылына 35 мың ш.м. тұрғын үй салу және 126 718 ш.м. бос плиталарды шығару жоспарлы қуаттылығына комбинат 2018 жылы шығуды жоспарлап отыр.

«Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес индустриалды құрылыс комбинаттарын құру «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашатын басым бағыттардың бірі», - деді «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы Алексей Боев.

«РМЗ-Шапагат» ЖШС Қызылорда облысының құрылыс, энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі саласында қызмет көрсететін ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Компанияның Қызылорда қаласында және Құмкөл, Арысқұм, Қызылқия кен орындарында өндірістік-техникалық базалары бар.




Яндекс.Метрика